Алматыда полицейлерге пара беру фактісі тіркелді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды 24KZ.

Тәртіп сақшылары шетел азаматынан пара алған, есесіне әкімшілік шара қолданбауға келіскен көрінеді.

Айта кетерлігі, оқиға туралы бейнежазбаны белгісіз автор 17 мамыр күні әлеуметтік желіде жариялаған. Ақпараттық арналарға үнемі бақылау жүргізіп отыратын құқық қорғаушылар оған дер кезінде назар аударды. Бейнежазбада полиция қызметкерлерінің ақша алу фактісі таспаланған.