₸105 млн жымқырғандар сотталды
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ақпараттық жүйені әзірлеуге бөлінген 105 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды 24KZ.
Мұндай қылмысты Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағат істері мен құжаттама комитеті төрағасының орынбасары IT компанияның директорымен бірігіп жасаған. Қазір күдіктілердің әрқайсысы 6,5 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Үкімге сәйкес сотталушылар келітірілген залалды өтеуі тиіс.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Қаражатты жымқыру «құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесін техникалық сүйемелдеуге бюджет ақшасын бөлу және аудару арқылы компьютерлік технологиялар саласындағы терминологияны қолдана отырып, орындалған жұмыстарға қайта қосу арқылы жүзеге асырылғандығы анықталды. Ұрланған ақша қаражаты қылмыстық шығу тегін жасыру және заңды айналымға енгізу мақсатында сенімді тұлғаларға рәсімделген қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға бағытталған.