Түркістан облысының үздік жастары марапатталды
Былтыр Түркістан облысының Созақ, Отырар және Сауран аудандарында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер өз қаражаты есебінен 5 ауылға рәміздер алаңын салып берді, деп хабарлайды 24kz.
Осындай ерекше дәстүр биыл да жалғасын тапқан. Қазір өңірде көк туымыз желбіреп тұрған рәміздер алаңының саны 26-ға жеткен. Бұл туралы мемлекеттік Рәміздер күніне арналған облыстық патриоттар форумында айтылды. «Мұндай игі шаралар жас ұрпақты отаншылдыққа баулиды», - дейді форумға қатысушылар. Биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 400 млн теңге бөлініп, мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің жаңа жобасы енгізілген. Мамандар білім басқармасы арқылы «Айбын», «Жасұлан», «Жас қыран» және «Жас сарбаз» сияқты он жоба мектеп қабырасында үздіксіз өткізіліп келе жатқанын айтады. Шара барысында ғылым және білім, мәдениет пен спорт, медицина мен технология, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, бизнес пен вольонтерлық саласында тынбай еңбек етіп жүрген үздік жастар марапатталды.
Найбар Мырзагелді, ерікті:
- Ақтөбе облысында, батыс өңірлерде онға жуық облыстағы су тасқыны кезінде гуманитарлық көмекке атсалыстық ерікті жастармен. Оқиғаны бақылап, сол жерге керек жабдықтардың барлығын кәсіпкерлерден жинап, көмектескен болатынбыз. Бүгін еңбегімізді елеп-ескеріп, марапаттап жатыр деп ойлаймыз. «Жыл патриоты» деп арнайы алғысымызды білдіреміз. Ер ел үшін туады дегендей, бұл жастарымызды рухтандыратын іс-шара болды деп ойлаймын.