Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышаны
Бүгін мемлекеттік рәміздер күні.
Егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді айқындайтын басты нышандардың бекітілгеніне биыл 33 жыл.
Елдігіміздің белгісі ретінде Көк байрағымыз бен Елтаңбамыз және Әнұранымыздың өз орны мен ерекше мәні бар. Ал ел-жұртымыздың бұл жөнінде пайымы қандай?
БЛИЦ
- Елтаңба дегеніміз ол біздің тарихымыз. Екі жағында ат, шаңырақ, жан-жағында керегесі. Қазақстанның ежелден кел жатқан тарихтан алынып, құралған нәрсе ғой.
- Енді біздің Қазақстанның көк туы, қыран – Қазақстанның бүркіттері, біздің еліміздің таңбалары ғой
- Күн мен бүркіт және де көк аспанымызды бейнелейді. Бостандықтың белгісі деп есептеймін.
- Ту әдемі көрінеді. Басқа елдерден қарағанда, әдемі, ерекше. Өзінің жақсы мағынасы бар.
- Күн, оның астындағы бүркіт, оюлар дополнять етіп тұрады бір-бірін үшеуі
Иә, азаматтардың патриоттық сезімі мен рухын дәл осы рәміздерімізге деген құрметінен байқауымызға болады. Әсіресе бес жастағы баладан бастап әнұран айтып, мемлекеттік мекемеден тұрғын үйге дейін көк байрағымыздың ілініп тұруы соған дәлел.
Мөлдір Молдағали, журналист:
- Ал мемлекетіміздің басты туы орналасқан рәміздер монументі Астанадағы ең көрікті орындардың бірі. Мұндағы туымыз 100 метр биікте желбіреп тұр. Оның ені 15, ұзындығы 30 метрге жетсе, көлемі 450 шаршы метр.
Ернар Мырзахан, Астана қаласы Нұра ауданы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы:
- Бұл туымыз орналасқан монумент 2009 жылы ашылған. 01:20 Еліміздің басты туы, ол әрине, ауа райына байланысты көтеріледі, түсіріледі. Бұл жұмысты атқаратын арнайы оператор маман бекітілген.
Иә, басты ту тек елдегі аза тұту күндері ғана түсірілмейді. Арнайы берік матадан дайындалса да, жыртылып, үзіліп, түсі оңып кететін кездер де болады. Ондай жағдайда қайта жөндеуге жіберіледі.
Ернар Мырзахан, Астана қаласы Нұра ауданы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы:
- Жалпы 2024 жылдың басынан бастап бұл ту бір рет жыртылып қалған болатын, сол кезде реставрацияға өткізгенбіз, Қазір де 4 маусым қарсаңында толығымен жаңа тулар тігіліп, қазір жаңа ту қалықтап тұр.
Рәміздер тұтас мемлекеттігімізді сипаттайтын атрибут болғандықтан кез келген кәсіпорында жасалмайды. Барлық мемлекеттік мекемелердегі нышандар міндетті түрде лицензиясы бар компанияларда дайындалады. Себебі ол үшін арнайы стандарттар бекітілген.
Айдана Берік, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК стандарттарды әзірлеу департаментінің жектекші маманы:
- Қазақстан Ресаубликасының елтаңбасы мен туына 1996 жылы алғаш рет стандарт қолданысқа енгізілді. Қазіргі уақытта бірнеше рет қарастырылып, өзгерістер енгізілді. Стандарт ҚР Рәміздерінің авторларымен, қР Стандартизация және метрология институтымен, техникалық реттеу комитетімен және де бірнеше кәсіпорындармен бірлесіп әзірленген.
Онда рәміздердің пішіні, түсі, көлемі, қандай жерде қойылатынына дейін көрсетілген. Мысалы Мемлекеттік Туды мақта, зығыр, жібек жəне жүнмен астастырып тоқиды. Ал сабы тұғыр мен металдан, ағаш немесе пластиктен жасалады.
Мөлдір Молдағали, Ерлан Наурызбаев