Асқар Құлыбаев иемденген мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
Ақтауда мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.
Халықаралық сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 млн доллар болатын нысанды 2011 жылы Асқар Құлыбаевтың компаниясы шетелдік инвестордан заңсыз алып қойған. Алматы қаласы прокурорының талап-арызын Маңғыстау облысы Мамандандырылған соты қанағаттандырды. Нәтижесінде 2024 жылдың 26 ақпанында мұнай терминалы қайтарылып, сот актісі заңды күшіне енді.