Ақтөбеде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтөбеде көк туымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалды.

Салтанатты шараға мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, депутаттардан өзге, еліміздің басты нышандарын халықаралық сайыстарда паш етіп жүрген спортшылар және пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері де бар. Рәміздер күні жыл сайын қаланың мәдениет және демалыс саябағында өткізіледі. Мұндағы ту тұғыр маңында еліміздің туы, әнұраны және елтаңба тарихы туралы жазылған.

Ерқанат Кеңшілік, пәндік Олимпиада жеңімпазы:

- Рәміздер күні біз үшін зор мереке. Өйткені біз Олимпиадада жеңгеннен кейін өзіміздің туымызды сахнаға бірге алып шығамыз. Яғни біз оны құрметтеп, өзіміздің елімізді мақтан тұтамыз.