СҚО-да мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүзеге асырғандар анықталды
Прокуратура СҚО-да заңға қайшы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырған лауазымды тұлғаларды анықтады.
Атап айтқанда, Есіл ауданындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 113,8 млн теңге сомасында көмірді заңсыз сатып алған. Сондай-ақ Шал ақын ауданында Экономика және қаржы бөлімінің аула аумақтарын асфальттау бойынша мекенжайы мен жұмыс көлемін көрсетпей 57,8 млн теңгеге сатып алу жүргізілгені анықталды. Ал Петропавлда 3,6 млрд теңгеге жер учаскелеріне құжатсыз мемлекеттік сатып алуларды жүргізгендер әшкере болды. Прокуратура аталған сатып алулардың жойылып, кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылып жатқанын мәлімдеді. Жалпы жыл басынан бері прокурорлар бұл салада 20 мемлекеттік сатып алуды бұзып, нәтижесінде 7,1 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол бермеді.