Қызылордада патриоттық акция ұйымдастырылды

Қызылордада да «Елдіктің нышаны, ерліктің белгісі – рәміздер» атты патриоттық акция өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Рәміздер аллеясында өткен салтанатты шараға қатысушылар Мемлекеттік әнұранды бірге орындады. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Олардың қатарында құтқарушылар, әскерилер, полиция қызметкерлері, еріктілер, ғылыми олимпиадалардың жеңімпаздары мен спортшылар бар. Патриоттық акция аясында өңір өнерпаздары рухты әндерді шырқады. Тағылымы мол шара автошерумен жалғасты. 

Ерғали Ысқақов, облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Әрбір құқық қорғау қызметкерлері көмек көрсетуге дайын. Халық үшін, ел үшін. Біздің қызмет етіп жатқанымызды бағалап, соған қуаныштымын, алғысхат алып жатқаныма. Барлық қызметкерге жұғысты болсын.