Жамбыл облысында велошеру ұйымдастырылды

Жамбыл облысында Рәміздер күніне орай велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Ауыл жастары көк байрақты алып, 3 шақырымды жүріп өтті. Одан соң шара Шәкен Ниязбеков туған ауылдағы «Ту тұғыры» монументінде жалғасты. Жиналғандар алдымен Әнұранды шырқап, одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Суретшінің көзін көргендер еңбегі жайында сөз сөйлеп, мектеп оқушылары арнау айтты.

Айта кетейік, Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтың туғанына биыл 86 жыл толды.

Бақытжан Киікбаев, Жамбыл аудандық жастар орталығы басшысының орынбасары:

- Велошеру Шәкен Ниязбеков ауылының ішімен өтіп, шығаберісіндегі Шәкен Ниязбеков аркасына дейінгі 3 шақырым арақашықтықты өтті. Яғни, велошерудің мақсаты – Тудың авторы Шәкен Ниязбеков атамызға, мемлекеттік рәмізге деген құрмет көрсету.