БҚО-да судан зардап шеккен 717 отбасы үйлі болды
Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа баспана берілді.
Оның ішінде, демеушілер есебінен алынған пәтерлерге "баспанасы жарамсыз" деп танылған оралдық 52 саяжай тұрғыны орналасты. Апаттан залал көрген тұрғындарға арнап, қазір 1862 үй салынып жатыр. Бүгінде Үкімет, су тасқыны салдарын жою және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Мәселен 31 мыңнан астам жанұя, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы төлем алды. Сондай-ақ тұрғын үйін жөндеу мен қалпына келтіру және дүние-мүлік сатып алу үшін қосымша қаржылай көмек те қарастырылған. Бұдан бөлек, 34 шағын және орта бизнес субъектісінің 377 миллион теңгеге шығыны өтеліп отыр.