Алматыда 3 млрд теңгенің мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы қаласының прокуратурасы ауданы 3974 шаршы метрді қамтитын және 50 сотық жері бар жедел медициналық көмек кешенін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды 24kz.
Оның жалпы сомасы 3 млрд теңге. Бұл кешенді Алматының бұрынғы басшысы Виктор Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген. Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне өтті. Сондай-ақ бұл жерде қосымша қосалқы станция ашу жоспары бар.