Сапалы қазақша контент жетіспейді

Креативті индустрия субъектілері 8 пайызға артты.

Бұл туралы QazaqSham форумында айтылды. Жиынға қазақша контент жасаушылар мен депутаттар және Сенат төрағасы қатысты. Мәулен Әшімбаев кейінгі жылдарда саланың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Дегенмен қатысушылар креативті индустрияны тиімді дамытуға тиісті жағдай қажет екенін айтып, өз ұсыныстарын бөлісті. Олардың қатарында құқықтық база қалыптастыру, өңірлерде креативті жобаларды дамыту сияқты тың бастамалар бар. Бүгінде сапалы қазақтілді контенттің қолжетімділігі орташа деңгейде. Әсіресе балаларға арналған қызықты әрі құнды өнімдер жетіспейді. Ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі осындай. Оған 750-ге жуық адам қатысқан.