Жабайы жылқы Қостанай облысына жеткізілді

Қазақстан мен Чехия арасындағы келісім шеңберінде Пржевальский жылқысының алғашқы партиясы Қостанай облысына жеткізілді.

Үш жабайы жануарды тиеген әскери ұшақ Арқалық әуежайына келіп қонды.Ол жерден бірден көлікпен Амангелді ауданындағы "Әліби" реинтродукция орталығына жіберілді. Халықаралық келісімге сәйкес, жалпы саны қырық Пржевальский жылқысы осы өңірде жерсіндіріледі. Осы Торғай даласы жабайы табиғатта сирек кездесетін жануардың ежелгі мекені саналады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Осы кертағы осы Торғайдың кең даласында өзінің орынын тауып осы кеңінен тарайды. Себебі бүгінгі Чехия ғалымдары, Германия ғалымдары біздің ғалымдар осы мәселе бойынша біраз тәжірибе жинады. Жалпы өңірдің дамуына өзінің ықпалын тигізеді деген үлкен бір сенімдеміз. Себебі қазір осы кертарғы келгесін мұны біраз біз көбейткесін, әрине осы өңірде экологиялық туризмнің өзі дами бастайды.