Журналистің этика кодексі жетілдіріледі

Қазақстан журналистері үшін ортақ этикалық ұстанымдар қажет.

Жаңа Кодекстің өзектілігін Медиа альянс өкілдері баяндады. Елімізде журналистердің кәсіби этикасы алғаш рет 2012 қабылданған. Алайда бұл құжат әлдеқашан ескіріп, бүгінгі медиа дәуірдің талап-үдесінен шықпай отыр. Сондықтан, Жаңа Кодекс БАҚ өкілдерімен ашық талқыға салынып, уақыт оздырмай қабылдануы тиіс. Құжат мазмұнына жұмыс барысында жасанды интеллектіні қолдану, ақылы материалдарды жариялау, спикермен сөйлесу мәдениеті сияқты мәселелер енгізілмек.

Қанат Сахариянов, "Қазақстан медиа альянсының" атқарушы директоры:

- Біз қазір үш маңызды тақырыпты ортағы салып жатырмыз. Бірінші, журналистік этика, одан кейін фактчекинг пен медиа этика, сонымен бірге журналистер мен медиа саласының өкілдерінің біліктіліктерін арттыру тренингтері қаншалықты маңызды екенін әңгімелейтін боламыз.