Былтыр бюджеттің 489 миллиард теңгесі тиімсіз игерілген
Жоғары аудиторлық палата құқық қорғау органдарына 23 аудит материалын жолдаған.
Осыған қатысты орталық және жергілікті атқарушы органдардың 158 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның 90%-ы лауазымды тұлғалар. Жағымдысын айтсақ былтыр жылдық инфляция екі есе төмендеді. Әлеуметтік міндеттемелер толық орындалды. Бүгін Мәжіліс Қаржы министрлігі мен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджетті орындау туралы есебін тыңдады.
Былтыр жылдық инфляция екі есеге төмендеп, 9,8% болды. Бұл әлеуметтік міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік берді. Ал жалпы бюджет шығыстары 99,6%-ға орындалып, 22,4 трлн теңге игерілді. Алайда 73 млрд. теңге игерілмей қалды. Басты себеп - шарт талаптарын бұзу мен тауарларды уақтылы жеткізбеу. Бас қаржыгер Ұлттық қордың қаражатын басқару тиімді бола түсті дейді.
Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:
- Ұлттық қордың активтері өткен жылға қарағанда 13,4%-ға ұлғайып, 65,7 млрд АҚШ долларын құрады. Кепілдендірілген трансферт – 4-тен 2,2 трлн теңгеге дейін екі есеге төмендеді. «Ұлттық қор-балаларға» жобасы бойынша ағымдағы жылы бір балаға есептелген сома 100,5 АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 695,5 млн. доллар мөлшерінде есептелді, оның ішінде 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа жетіп, 30,6 млн. доллар мөлшеріндегі қаражатты пайдалана алды.
Жалпы республикалық бюджетке өткен жылы 19 трлн теңге кіріс түскен. Түсімдер алдыңғы жылға қарағанда 4 трлн теңгеге көп. Алайда салық түсімдері бойынша 1,4 трлн теңге көлеміндегі жоспар орындалмады. Сонымен қатар, 489 млрд. теңге тиімсіз жұмсалған. Осыған қатысты орталық және жергілікті атқарушы органдардың 158 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның 90%-ы лауазымды тұлғалар.
Әлихан Смайылов, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы:
- Бюджеттік тәртіп төмен деңгейде. Тек төрт өңірде, яғни Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында жүргізілген аудит нәтижесінде бюджеттік инвестициялық жобалардың 27%-ы бойынша құрылыстың нормативтік мерзімдерінің сақталмағаны анықталды. Кейбір жобалардың іске асырылуы 10 жылға дейін созылып келеді. Уақытында аяқталмаған жобалардың 60%-дан аса қымбаттағаны анықталып отыр. Ал қалған маңызды инженерлік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы өңірлердің сылбырлығы неге алып келетінін әлі анықтау керек.
Бөлінген әр теңгенің мақсатты игерілмеуі өзекті мәселе. Депутаттар осыны алға тартты. Мысалы, былтыр «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына көзделген қаражы толық бөлінгенімен, тек 38%-ы игерілген. 37 жобалау-сметалық құжаттама уақытылы әзірленбеген. Сол сияқты, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 227 нысанның жобалау жұмыстары аяқталмаған. Салдарынан емдеу мекемелері уақытылы пайдалануға берілмей отыр.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жоғары аудиторлық палата «Жайлы мектеп» жобасын іске асырудың тиімсіздігін атап өтті. Ұлттық жоба бойынша шығыстарды жоспарлау, жобалық-смет құж әзірлеуде, құрылыс үшін жер уч бөлуде мәселелер жетерлік. Сонымен қатар мектептің құны 30 пайызға өскен 400 млрд-тан асып кеткен. Самұрық қазына констракшн осы ұлттық жобаны сапалы жүзеге асырамыз, қатырамыз деп айтқан болатын. Бірақ іс жүзінде олай болмай тұр.
Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
- 2024ж 217 мектеп, 2025ж 152 мектеп. Қазіргі уақытта 100 жоба бойынша меп сараптаманың оң қорытындысы алынды. Самұрық-қазына – констр ол заказчик. Жалпы жацлы мектеп жобасы оқу-ғаарту мин және менің өзімнің бақылауымда. Өкінішке орай кейбір проблемалар бар. Бірақ біз бірге жұмыс істеп жатырмыз.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты түйткілді мәселелер де айтылды. Олар былтыр республикалық бюджеттен 1,2 трлн теңге алған. Алайда пайдаланылмаған қаражаттың көлемі бір жылда екі жарым есе артқан. Квазимемлекеттік сектор қаражатты игермегені үшін мемлекеттік органдардан бөлек, Парламент алаңында есеп беруі тиіс деген ұсыныс айтылды.
Анас Баққожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жоғары аудиторлық палатаның есебінде «Казтрейд» АҚ нақты мысал ретінде келтірілген.мемлекеттен ақша алады, тапсырыс орындау керек, бірақ соның 80 пайызын басқа қосалқы мерлігерлерге субподрядқа беріп аяқтарын салбыратып отырып қояды. бұлар не үшін керек? президентіміз бірқатар тапсырма берген осы квазимем секторды тексеру бойынша.
Депутаттар бюджетті жоспарлауда кемшілік көп, - деп отыр. Салдары көрініп тұр: елде жұмыс істейтін 10 млн адамның 9 млн-ы несиеге өмір сүріп жатыр. Өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жайындағы Есепті бекіту кезінде мәжілістегі фракциялардың пікірі әртүрлі болды. Үкімет депутаттардың ұсыныстарын ескеру қажет. Мәжіліс төрағасы осыны баса айтты.
Рухани Асқар, Арман Ақшабаев