Жезқазғанда 90 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Жезқазғанда 90 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл учаскілер осыдан он жыл бұрын жеке компанияға ұзақ мерзімге жалға берілген. Жоспар бойынша онда қой шаруашылығы фермасы салынуы тиіс еді. Алайда жоба сол күйі іске аспай қалды. Сондықтан жергілікті билік өкілдері сотқа жүгініп, оң шешім қабылданды. Былтыр қалада осындай 4 мың гектар жер қайтарылды.
Марғұлан Сейдахметов, қалалық жер қатынастары бөлімінің жетекшісі:
- Заңды күшіне енгеннен кейін бұл жер учаскесі әрі қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелірін, жер учаскелерін алып, игеріп, жаңағы ауыл шаруашылығы мақсатында айналысамын деген азаматтарға конкурс арқылы беріледі.