«Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Елордада «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға мемлекеттік орган қызметкерлері, діни бірлестіктер мен ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты. Кездесуде діни іс-шараларды өткізу тәртібі талқыланып, мамандар халықты дін саласындағы заңнаманың негізгі құқық бұзушылықтарынан хабарсыз болмауға шақырды. Қатысушылар тарапынан құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды. 

Бейімбет Манетов, ҚР МАМ Дін істері комитеті діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы:

- Дін саласындағы құқықтық сауаттылық тақырыбын өзекті тақырып деуге болады. Өйткені қоғамда бүгінгі күні дінге деген қызығушылық бар. Діни мазмұндағы материалға деген қызығушылық бар. Осы орайда құқықтық сауаттылықтың, құқықтық мәдениеттің маңыздылығы өте зор.