Петропавлда ауыл балаларына саяхат ұйымдастырылады
Петропавлда ауыл балаларына жаз бойы бір күндік саяхаттар ұйымдастырылады.
Алғашқы болып қалаға шалғайдағы Ақжар, Айыртау және Уәлиханов аудандарының мектеп оқушылары барды. Оларға мәдени-тарихи және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылған. Ұл-қыздар таңертеңнен кешке дейін саябақ, театр, кинотеатр, музейлерді аралайды. Білім басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, «Бір күн қалада» жобасына мың жарым оқушы қатысады. Олардың ішінде оқуда озаттармен қатар аз қамтылған, көпбалалы және тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары да бар.
Зәмзәгүл Тұрлыбаева, білім басқармасының бас маманы:
-Жаздың 3 айында маусым, шілде, тамыз айларында әр жұманың сәрсенбі, жұма күндері осында қалаға келіп осындай жобаға қатысуға мүмкіндіктері бар. Оның ішінде мысалы, биылғы жағдайда су тасқынына ұшыраған отбасылар да бар ғой, олар да қатысады.