5 млрд теңгенің жайылымдық жері халыққа қайтарылды
Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау пайдаланылмай жатқан немесе заңбұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.
Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.
Елді мекендердің 24 мың гектарға жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген.
Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды.
Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті.
Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды.
Павлодар облысының прокуратурасы