Амангелді және Тәуіш ауылдарында 40 үйдің құрылысы басталды

Амангелді және Тәуіш ауылдарында 40 үйдің құрылысы басталды
www.gov.kz

Қостанай облысының Амангелді және Тәуіш ауылдарында су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Тамыз айына дейін зардап шеккендерге 40 жаңа үй салу жоспарланып отыр. Дәл қазір:

- 40 жаңа үйдің құрылысы басталды
- 24 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде
- 15 үй сатып алынды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Қостанай облысында 1308 нысанға техникалық байқау жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша келесі жұмыстар жоспарланған:
- 149 үй тұрғызу – жұмыс басталды
- 330 үй сатып алу - қазірдің өзінде сатып алынған
- 829 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу – жұмыстар басталды

Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар инфрақұрылымды барынша қысқа мерзімде қалпына келтіріп, зардап шеккен азаматтарымызды жаңа баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі