Жамбыл облысында 200 мыңға жуық бала лагерьге барады

Жамбы облысында 7 лагерь оқушылардың алғашқы легін қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

«Балалардың демалысын қызықты өткізу үшін мектеп жанынан киіз үй мен шатыр тігіп жатырмыз», - дейді мамандар. Мерей Бает балалар лагерінің біріне барып, ондағы жағдаймен танысып келді.

Мерей Бает, тілші:

- Былтырға дейін бұл ғимарат Президент резиденциясы ретінде жұмыс істеп келді. Ал қазір балаларды оқыту-сауықтыру орталығына айналған. Жаз басталғалы мұнда Жамбыл облысының әр ауданынан жиылған 60 бала демалуда. Олардың жазғы демалысы көңілді өту үшін мекемеде 15 түрлі үйірме жұмыс істеп тұр.

«Мөлдір бұлақ» орталығы жыл бойы жұмыс істейтін аймақтағы жалғыз лагерь. Оқу кезінде балалар мектеп бағдарламасы бойынша білім алады. Ал жазда жеткіншектер домбыра тартып, түрлі қолөнер үйірмелеріне қатысады. Ұлттық ойындар ойнап, коворкинг орталықтарында түрлі топтық шара өткізуге жағдай жасалған.

Жәния Ерғазы, оқушы:

- Синтезатор үйірмесіне сурет үйірмесіне, әртүрлі кестелер тоқуды үйрендім. Осы жерге келіп мен көптеген үйірмелерге қатысып, әртүрлі заттарды үйрендім.

Еркеназ Ақжолтай, оқушы:

- Күнделікті әртүрлі іс-шаралар өтеді. Мысалға кеше әлемдік билер байқауы болса, оның алдыңғы күні бізде «Екі жұлдыз» байқауы болды. Осындай іс-шаралар көп болғаннан кейін, үйірмелер көп болғаннан кейін біздің бос уақытымыз көп бола бермейді және демалысымыз өте қызықты өтеді.

700 балаға арналған мекемеде, оқумен қоса сауықтыру шаралары қолға алынған. Балалар 5 мезгіл тамақтанады, бассейнге түседі. Демалушыларға арналған жаттығу залы бар. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі оқушыларға да арнайы емдік шаралар жасалады.

Дария Тауелбекова, «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы директорының орынбасары:

- 10 бала ерекше бала бізде. Ерекше балалармен сауықтыру орталығы болғаннан кейін ол жерде аяқ гимнастикасы, қол гимнастикасымен жұмыс жасалып жатыр. Дәрігерлермен арнайы арнайы мамандармен. Фитошайлар беріледі, витаминдер беріледі.. Сауықтыру орталғы болғаннан кейін пинт-понг шарлармен жұмыс жасалады балалармен.

Жамбыл облысында қала сыртындағы 7 лагерь жұмыс істеп тұр. Биыл оларда 7 жарым мыңға жуық оқушы демалады. Жалпы жазғы лагерлер жұмысына жергілікті бюджеттен 660 млн теңге қарастырылған.

Гүлзия Дәрібаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- «Қазақстан халқына қоры» есебінен облыстың 1700-ден астам баласы демалады. Бұл балалар мектептердегі оқу үздіктері түрлі жарыз жеңімпаздары. Себебі біз бұл бағыттағы балалардың өздерінің оқуға деген ұмтылысын, мотивациясын арттыру мақсатында жасап жатқан бірден бір «Қазақстан халқына қорының қолдауы» деп есептейміз.

Биыл мектеп жанынан ашылып жұмыс істейтін лагерьлерде киіз үйлер қойылып, шатырлар тігіледі. Онда ұлттық ойындар ұйымдастырлып, оқушылар түрлі экскурсияға барады. Жалпы биыл облыс бойынша 200 мыңға жуық бала жазғы лагерге барады.

Авторлары: Мерей Бает Бақытжан Бапаев Елдар Байдідә