3 млн-ға жуық бала демалыс орындарына жіберіледі

Биыл балалардың жазғы демалысы 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары шеңберінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды 24kz.

Республикалық және өңірлік штабтар құрылды. 3 млн-ға жуық бала 10 мыңнан астам демалыс орнына жіберіледі. Соның ішінде 10 мың жасөспірім сауықтыру орталығында демалады. Су тасқынынан зардап шеккен аумақтардағы балалардың демалысын тиімді өткізуге баса мән беріліп отыр. Оқу-ағарту министрлігі іс-шараларды мазмұнды өткізу үшін 120 мың педагог-ұйымдастырушыны арнайы даярлады. Сонымен қатар қосымша 12 мыңнан астам волонтер жұмылдырылады.

Балалардың жазғы демалысы

9 мемлекеттік орган

2,9 млн бала

10 743 демалыс орны

120 мың маман

12 мың ерікті.