Қазақстанда 17,9 миллион гектар жерге егін егілді

Көктемгі егіс жұмыстары аяқталуға жақын.

Қазір ел бойынша алқаптың 88 пайызына дән егілді. Бұл - 18 миллион гектарға жуық аумақ.

Жалпы шаруалар 23 миллион гектар алқапты игермек. Сөйтіп наурызда басталған дала жұмыстары қалай жүріп жатыр? Биылғы жиын-терімнен не күтеміз?

Биылғы егін маусымы қиын кезеңге тап болғаны анық. Алайда елдегі төтенше жағдайға қарамастан фермерлер көктемгі дала жұмыстарын сәтті бастап кетті. Елімізде биыл 23 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылық дақылдарын егу жоспарланса, қазір соның 17,9 млн гектары егіліп бітті.

Ерсайын Досымбетов, АШМ, егіншілік департаментінің бас сарапшысы:

- Егін егу жұмыстары кезінде жалпы әр облыстарға жылдың басында тиісті индикаторлар берілді. Соның нәтижесінде әртараптандыру бойынша бағыттарда жұмыс жасалды. Егін егу жұмыстары осы мемлекеттік қолдаулардың арқасында егін егу жұмыстары барлық өңірлерде жүргізіліп, оңтүстік өңірлерде аяқталу сатысында. 

Биылғы егінге 2 млн тонна тұқым қажет болса, ол толық қамтылып, фермерлерге 810 мыңнан астам тыңайтқыш жіберілген.

ГРАФИКА 1:

Мұнымен қоса ауыл шаруашылығы құрылымдарында 149,9 мың трактор, 5,2 мыңға жуық өнімділігі жоғары егіс кешендері, 76,4 мың тұқым сепкіштер мен 219,1 мың топырақ өңдеу құралдары бар.

Министрліктің мәлімдеуінше, биылғы егіс жұмыстары мен шаруаларға бөлінген қаражат көлемі де былтырғымен салыстырғанда ауқымды.

Ерсайын Досымбетов, АШМ, егіншілік департаментінің бас сарапшысы: 

- Биылғы жылы қосымша көктемдік егіс жұмыстарына 400 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар жалпы осы көктемгі дала жұмыстарына 580 млрд теңге шаруаларға бөлінді. 

ГРАФИКА 2:

Республика алқаптарындағы егін әлі де жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін 14,4 млн гектар дәнді, 2,5 млн га майлы дақыл егілген. Одан бөлек картоп 150 мың, көкөніс 129 мың, бақша дақылдары 95 және 22 мың гектар қант қызылшасы бар. Ал жем-шөп 943 мың, мақта 100 мың гектар алқапты алып жатыр.

Мөлдір Молдағали