Семейде жетпіс аула жаңартылады
Семей қаласында 14 қоғамдық демалыс аумағы мен 70 аула жаңартылады.
Балалар ойнайтын және спорт алаңқайларының да құрылысы жалғасады. Екі арнаулы аллея мен жаяу жүргіншілер жолы салынады.
Қала тұрғыны Мұхамедқали Торайғыровтың үш немересі бар. Зейнеткер осыған дейін балаларды басқа ойын алаңына апарып, ойнатуға мәжбүр болғанын айтады. Себебі, өз ауласындағы балалар алаңқайы әбден ескірген.
Мұхамедқали Торайғыров, Семей қаласының тұрғыны:
- Бұрын мына аулада полщадка болған. Бірақ енді бір темір әткеншектер болды. Одан кейін орындықтар ғана болды аздаған. Ол енді балалар, немерелерімізді ойнатуға мүмкін емес. Ол үшін біз анау Мұхтар Әуезовтың алаңына барып ойнататынбыз. Енді мұнда көбі үлкен қарт адамдар, ол жаққа апарып келу оңай шаруа емес.
Қазір бұл мәселе шешілді. Ескірген балалар алаңқайы жаңартылып жатыр. Бұдан бөлек, шаһарда тағы 46 ауланы қалыпқа келтіру көзделіп отыр. Тұрғындардан өтінім көп түседі,-дейді мамандар. Десе де, жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады.
Қанатжан Жылқыбаева, қалалық ТКШ бөлімінің қызметкері:
- Қала бойынша 500-ден астам өтініш бар. Барлығын бірден жасау мүмкін емес. Сондықтан әр жылға бөліп жасап жатырмыз.
Алғаш рет қалада жаяу жүргіншілер жолы мен "тарихи" қиылыс пайда болады. Ондағы құрылыс жұмыстары осы айдын соңында аяқталады деп жоспарланған.
Геннадий Пьянов, мердігер:
- «Тарихи қиылыс» деп аталатын себебі дәл осы көшеде ескі ғимараттар көп. Яғни әр дәуірде салынған 4 ғимарат бар. Бұрын сонды бұл көшеде ешқашан абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Жаяу жүргіншілер жолы да болған жоқ. Қазір көшеге жарық тартылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жандос Қайырханов, облыстық энергетика және ТКШ Басқармасы басшысының м.а:
- Биыл облысымыз бойынша Аягөз, Курчатов қалаларын қосқанда 1 миллиардқа жуық ақша қарастырылған. Ол жақта да осындай жұмыстар атқарылады. +скл+Былтыр осы Семей қаласы бойынша 71 аула абаттандырылған болатын. 14 қоғамдық кеңістік жаңартылған болатын.
Осы жазда облыс орталығында дәрігерлер мен құтқарушылар аллеясын салу жоспарланып отыр. Қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыруға 2,5 миллиард теңге бөлінді.
Абзал Балтабаев, Әсем Өтешева, Медет Өмірханов