Астанада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыс жүріп жатыр
Бұл шаралар сәуірден бастап, қыркүйекке дейін жалғасады.
Бірінші кезеңде қаланың барлық табиғи және жасанды су айдындары өңделді. Бұған саябақтар, скверлер, көшелер, тұрғын үй массивтері кіреді. 30 мамырдан 2-кезең басталды. Бұл жолы су айдындары мен ашық станциялар өңделеді. Дезинсекция толық жоюға емес, масалар санын азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады, дейді мамандар. Ал тұрғын үй кіреберістері мен жертөлелерді өңдеуге Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар жауапты көрінеді.