Astana Open Dialogue: сан қилы мәселені шешуде сарапшылар ұсыныстарын айтады
Еліміздің тәуелсіз сарапшылары мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі сан қырлы мәселелерді шешу жолында өз ұсыныстарын жолдайды.
Ол үшін Астана оупен диалог алаңы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, Астана оупен - бұл саяси көшбасшылар, мемлекет қайраткерлері және қоғамның белсенді топ өкілдері бірлесіп, аймақтық мәселелерді шешу жолдарын талқылаудың тиімді алаңы. Тәуелсіз сарапшылар креативті экономиканы дамыту, жаңа қоғамдағы журналистика мен хайптың айырмашылығы, сондай-ақ кәсіби сараптама жасаудың қыр-сыры жайында өз ойларымен бөлісті. Шара қорытындысы бойынша, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға сарапшылық ұсынымдар жолданады.
Александр Данилов, ұйымдастырушы:
- Басты мақсатымыз халық үшін жасалатын әрбір шешімнің оңтайлы іске асуы. Экономиканың барлық саласы үшін жаңа адамдар ғана емес, тың идеялар да қажет. Біз толыққанды сапалы сараптаманы дамытуды, оны жүзеге асыру арқылы қоғамды ілгерілетуді көздейміз. Бүгін саяси кеңес беру, лоббизм мәселелерін де талқылап жатырмыз. Сарапшылар пікірінің рөлін арттыру маңызды. Жылдың соңына дейін осындай алаңда тағы екі іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз.
Азиз Ысқақов, сарапшы:
- Меніңше, отандық сараптама саласында бәсекелестік бар, бірақ өз шыңына жеткен жоқ. Екінші жағынан, жекелеген бағыттар бойынша құнды тәжірибе жинақтаған білікті эксперттеріміз бар. Біздің қоғам үшін шешім шығару жүйесінің ашықтығын дамыту маңызды. Онсыз жергілікті және халықаралық кеңесшілердің ролін бағалау қиын. Біз жергілікті деңгейде тең дәрежедегі бәсекелестікті қолдауды жалғастырамыз.