«Жасыл ел» жасақтары Құлсарыға барады

Биыл Атырау облысында «Жасыл ел» бағдарламасына мыңдаған адам қабылдау жоспарланған.

Жастар жасағының басым бөлігі тасқыннан зардап шеккен Құлсарыға жіберіледі. Қазір қалада 100 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жұмыс күші жетіспейді. Қатарға қосыламын деушілер «Жасыл ел – Атырау» және «Атырау жастары» әлеуметтік парақшалары арқылы тіркеле алады. Осы күнге дейін 1200-ге жуық өтініш келіп түскен. Олар 7 аудан және Атыраудың іргесіндегі 6 ауылдық округке бөлінеді.

Әйгерім Құрманберлиева, ішкі саясат басқармасының бас маманы:

- «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздарын сол құрылыс бағытына тартатын боламыз. Олар құрылыс бағытына 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қамтиды Ол жерде «Жасыл ел» жастар жасағына бөлінетін еңбекақыдан бөлек құрылыс компанияларынан бөлінетін дәл сондай қаржы қосымша берілетін болады. Және абаттандыру, көгалдандыру бойынша да жұмыстар жүре береді, паралельно.