ШҚО халқы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында 400 мыңнан астам тұрғын «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосып жатыр.

Сәуір айының басынан бері өңір бойынша 80 мыңға жуық аулада абаттандыру жұмысы жүріп, 26 мың тонна қоқыс шығарылған. Мысалы Глубокое ауданында еріктілер көмегімен тал-теректер егілген аллея тазартылды. Сондай-ақ, бірнеше шақырым болатын аумақтың арам шөбі жұлынып, ағаштардың түбі мен аялдама сырланды. Шараға отбасымен келіп қатысқандар да бар.

Ақан Елшінбаев, Глубокое ауданының тұрғыны:

- Ақсақалдарды шақырамыз. Өзімізбен бірге балаларымызды, немерелерімізді привлекаем. Олар да қатысады. Сөйтіп, жастарға тәрбие береміз. "Таза Қазақстанға" бәрімізде қосылып жүрміз.  Акциясы өте дұрыс. Ауылымыз таза болғаны бізге жақсы.