88 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
88 микроқаржы ұйымы тексеру жұмыстары нәтижесінде лицензияларынан айырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.
Оның сөзінше, борыштық жүктемені есептеу бойынша талаптар сақталмаған. Қарызын өтеу мерзімін кешіктіріп жатқандарға да ақша беріле берген. Келісімшартта сыйақы мөлшерлемесі де негізсіз өсірілген. Әккі әрекетке барған компанияларға жалпы 150 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Қазір ел азаматтарының көбі несие алудан өз еркімен алдын ала бас тартып жатыр. Ақпан айынан бастап қызметтің осы түріне 385 мың адам жүгінген.
Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
- Миркоқаржы ұйымын дамытуымыз керек. Ломбардтар мен коллекторлық ұйымдарды қоссақ, жалпы көлемі 1,5 мың ұйым. Бізде қазір 21 банк. Көбі Алматы қаласында. Агенттік тарапынан бәрін реттеп отырмыз.