Ақтөбе облысында 159 отбасы баспаналы болды

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 159 отбасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды 24KZ.

Ойыл, Темір, Әйтеке би және Мұғалжар ауданының тұрғындары  дайын үйлер мен пәтер сатып алды. Бұған дейін бәрінің баспанасы қарғын су салдарынан қирап қалған. Ал қалғандары үшін жаңадан 400-ге жуық үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарына ондаған мердігер тартылған. Сонымен қатар «Жасыл ел» жасағы да көмекке келмек. Үйлері тұруға жарамды, бірақ жөндеуді қажет ететін ақтөбеліктер де назардан тыс қалмайды. Осы күнге дейін 4245 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем алған.

Роза Жұбатқанова, Әйтеке би ауданының тұрғыны:

- Осы үйге кіргеніме қуаныштымын енді. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Құдайдың қарасқаны шығар осы. Үйлі болды ғой. Құтты болсын осы үй. Анау үйді сатқымыз келеді, оны сатсаң да, үй ала алмайсың ғой.