172 түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Президенттік жастар кадр резервіне бастамашыл мамандарды іріктеу жүйелі жүргізіліп жатыр.

Бүгінде бұл қатардағы 400 адамның 292-сі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді. Биыл өңірлік кадр резервтерін жасақтау басталды. Сонымен қатар отандық жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған 172 түлек ауылдық жерлердегі әкімдіктерге ешқандай конкурссыз қабылданды. Бұл әдіс жастардың өңірлерге оралып, ұжымның білікті жаңа буынын қалыптастыруға септігін тигізді. Мемлекеттік қызмет саласында 847 мүмкіндігі шектеулі адам еңбек етеді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы әйелдердің үлесіне тоқтала кетейік. Мамандардың 55%-тен астамы – қыз-келіншектер. Ал олардың 39%-і басшылық қызметке тағайындалған. Сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкілдердің 38%-і – әйелдер.