Шегірткемен күрес: жедел штабтар құрылды
Биыл жазда 2,5 млн гектар аумақты шегіртке басуы мүмкін.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Олжас Тілебалдиннің айтуынша, Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарына төнген қауіп жоғары. Сондықтан жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін жедел штаб құрылған. Зиянкеспен күреске 427 арнайы техника жұмылдырылған. Барлық аймақтарға химиялық препараттар жеткізілді, – деді маман. Енді елдегі 5,4 млн гектар жерде шегіртке дернәсілдері бар-жоғы зерттелді.
Олжас Тілебалдин, ҚР АШМ ресми өкілі:
- Химиялық өңдеуге жататын аумақ – 758 мың гектар. Оның 681 мың гектары өңделді. Жамбыл облысында химиялық өңдеу 100% аяқталып, 9,8 мың гектар жер өңделді. Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда шегіртке дернәсіліне 716 мың гектар зерттелсе, өңдеуге жататын аумақ – 260,5 гектар. Бүгінде оның 95,5%-і өңделген.