Депутаттар заңсыз активтерді мемлекетке қайтару ісін талқылады
Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару ісі. Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетімен бірлесіп, заңды іске асыру процесін талқылады, деп хабарлайды 24kz.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты. Жиында заңның жаңа тетіктері қалай іске асып жатқаны және азаматтық тәркілеу құралдарын пайдалана отырып активтерді қайтару тәжірибесі баяндалды. Сонымен қатар негізгі халықаралық ұйымдар мен юрисдикцияларымен қол жеткізілген келісімдер жөнінде айтылды. Депутаттар қайтару тетіктерін жетілдіру, және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті заңнамалық түзетулерді қарауға дайын екендіктерін білдірді.