«Бекіре-2024»: 3000 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заңсыз балық аулауға қатысты 3 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады. Сәуір-мамыр айларында Атырау, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2024» балық қорғау шарасы өтті. Арнайы акция аясында 90 аумақтық су режимін және 72 шекаралық тәртіпті бұзған азаматтар ұсталды. 263 км-ден астам тор мен 20 мың ілмек тәркіленді. 1085 бекіре тұқымдас, 65 мыңнан астам ұсақ тұқымдас балық пен 67 итбалық табиғи ортасына жіберілді. Заң бұзғандарға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 млн теңгені құрады. Мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланды.