Түркістан облысында шегірткемен күрес жұмыстары жүріп жатыр
Түркістан облысында өңделген 260 мың гектардан басқа, тағы 50 мың гектардан астам шегірткенің таралу учаскелері анықталды, деп хабарлайды 24KZ.
Сондықтан өңірдегі қосымша жер телімдерінде, Арыс қаласында, Сарыағаш, Келес, Ордабасы және Шардара аудандарында оған қарсы өңдеу шаралары қолға алынды. Шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин аймақтардағы жағдай туралы баяндаманы тыңдады. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, қосымша өңдеуге 70 жерүсті техникасы мен 4 ұшақ жұмылдырылды. Ақтөбе мен Қостанай облыстарында да шегірткемен күрес жұмыстары жүріп жатыр.