Ақтөбе облысында 320 отбасының баспанасын жөндеуге қаржы бөлінді
Ойылдық 320 отбасының материалдық шығыны өтеліп, баспаналарын жөндеуге қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда 93 отбасы өзара шартқа қол қойып, тұрғын үйлі болды. Солардың бірі Қаратал ауылының тұрғыны Назгүл Өтенова аудан орталығынан жаңа қонысқа ие болды. Жарамсыз болып қалған үйі 14 млн теңгеге бағаланған. Таңдауы түскен тұрғын үй, аурухана, мектеп, саябаққа жақын орналасқан. Өзінің және отбасының көңілінен шығып, баспаналы болғаны үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Жалпы тасқыннан зардап шеккен 350 отбасыға 129 млн 220 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем толық берілді.
Назгүл Өтенова, Ойыл ауданының тұрғыны:
- Басшылардың қолдауымен аудан мен облыс әкімдері, президентіміздің қолдауымен осындай үйге ие болдық. Рахмет өте қуаныштымыз. Қуанып жатырмыз. Өзіміздің таңдап алған үйіміз, біздің екі кішкентайымыз болғасын бізге шама келгенше мектебі мен балабақшасы жақын жерден орталықтан таңдап алдық.