Құлсарыда 100 үйдің құрылысы басталды

Жұмыс қыркүйек айында аяқталып, баспана пайдалануға берілуі тиіс.

Тасқын судан зардап шеккен 1500-ден астам тұрғынға жаңа баспана алуға немесе үйін жөндеуге мемлекеттен 48 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Сондай-ақ қаланы тазартып, қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды. Биылғы тасқын салдарынан Құлсарыда 325 бизнес және әлеуметтік нысан пайдасыз болып қалды. Өткен 2 айда қала аумағынан 25 тоннадан астам қоқыс шығарылып, бұзылған ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр.

Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:

- Инфрақұрылымнан бастап жатырмыз. Мына судан шайылып кеткен асфальттарды білесіздер. Соның барлығын қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Енді әлеуметтік обьектілерде бар. Мектеп, балабақша. Олардың барлығына да қазір облыстық білім беру және құрылыс басқармасымен бірігіп техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысын алып, ол жерге тиісті шешім қабылданады.