Жетісу облысында ₸11 млрд-қа заңсыз мемлекеттік сатып алу конкурстары жойылды

Жетісу облысының Алакөл ауданындағы білім бөлімінің заңға қайшы әрекетін прокурорлар анықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Олар ел аумағына кіргізуге тыйым салынған жанар-жағармайды мемлекеттік конкурс арқылы сатып алмақ болған. Құзырлы орган өкілдері 6 ауданды тексеріп, осыған ұқсас әртүрлі заңбұзушылықтарды тіркеді. Қадағалау актісі негізінде аталған конкурстар тоқтатылды. Лауазым иелері жауапкершілікке тартылды. 

Ілияс Оразымбек, Жетісу облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Жылдың басынан бері Жетісу облысы прокурорларымен 11 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша заңсыз конкурстардың күші жойылды. 100-ден астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.