Ақтауда сот төрағасы күдікке ілінді

Ақтауда сот төрағасы қамауға алынды, деп хабарлайды 24KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотқа дейінгі тергеу шарасы кезінде  Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады. Ол сенімді адамы арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауға уәде беріп, 18 млн теңге алған деген күдікке ілінді.

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу ісі изоляторына қамалды. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.