Астанада Ардагерлер ұйымының пленумы өтті

www.gov.kz

«Адал адам, адал еңбек, адал табыс». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы идеясын іске асыру барысына орай бүгін Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің пленумын өткізіп, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевамен кездесті.

Ведомство басшысы жастарды тәрбиелеу жолында «Ардагерлер ұйымының» жұмысы маңызды екенін айтты. Шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова да қатысты. Оның айтуынша, елде 142 соғыс ардагері мен 48 мыңнан астам еңбек ардагері бар. Олардың барлығы мемлекеттің қамқорлығында. Баспана кезегіне тұру, медициналық қызмет пен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу бойынша түрлі жеңілдіктерге ие. Келелі жиын кезінде «Батырларға тағзым» порталын қолдау, соғыс ардагерлерін марапаттау, оларға құрмет көрсету, көшелер мен мектептерге есімдерін беру сияқты мәселелер сөз болды. Іс-шара соңында Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығын өткізу бойынша ардагерлер ұйымының жоспары бекітілді.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

- Биыл Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Қазақстан ардагерлері туралы мәліметтерді қамтитын баршаға қолжетімді «Батырларға тағзым» порталы іске қосылды. Бүгінде порталдың қызмет аясы кеңейіп, барлық қазақстандық ардагерлер туралы деректерді біріктіретін ақпараттық интерактивті жүйе ретінде жұмыс істеуін мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ соғысқа қатысушыларға арналған Қазақстан-Ресей тарапының бірлескен фотоальбомын шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ерболат Тұрымбетов, Алматы облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы:

- Жаңа Қазақстан құру үшін оған адал азаматтар керек. Оған таза еңбек керек. Біздің қоғамда бұрыннан қалыптасқан жаман әдеттер бірте-бірте қала береді. Біз ары қарай талпынуымыз керек.