Шомылу маусымы: 105 қосымша жағажай ашылады

Елде шомылу маусымы басталмай жатып, 12 адам суға кетті.

Абырой болғанда, 38 адам дер кезінде құтқарылды. Биыл өңірлерде ресми рұқсат етілген қосымша 105 орын ашылады. Сонда жағажайлар саны 14%-ке артып, 700-ге жетпек. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес тағы 70 мобильді құтқару бекеті жасақталады. Мамандар биыл 20 мыңнан астам балаға жүзу дағдыларын үйретті. Әкімдіктер бұл бағытта жасөспірімдерге арналған жағажайлар дайындап жатыр.