Сауалнама. Судағы қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?

Ал сіз судағы қауіпсіздік ережелерін білесіз бе? Елорда тұрғындарына осы сұрақты қойып, сауалнама жүргізіп көрдік.

Сауалнама:

- Қауіпсіздік ережелерін оқығанмын. Бір-екі бетін. Судың ішінде ойын ойнауға болмайды, аяқ-қолды ұстап немесе бір адамды батырып. «Водоемдарда» немесе су ағысы қатты жерлерде жүзуге болмайды дегенді естігем.

- Өзім Қосшыда тұрамын. Қосшы жақтағы «водоемдарды» ғана білемін, қай жерге түсуге болады, қай жерге түсуге болмайтынын. Балалар көбіне алысқа кетіп қалады. Ата-аналар дұрыс қарамаған кездер болады.

- Қарапайым ережелерді былай білемін. Межеден аспау деген секілді. Бойына қарайды адамдардың. Сосын балаларға түспеу керек жерлер бар.

- Кәдімгі Астана маңындағы жағажайларға барамын. Сосын демалыс орындарындағы арнайы рұқсат етілген орындар бар. Сол жерлерге барамын.