Қарағандының орталық паркіндегі көлде шомылуға тыйым салынды
Санитарлық дәрігерлер судан сынама алып, ішек паразитін тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Лямблиоз хлорға төзімді әрі жасанды су қоймада тіршілік етеді. Адам ағзасына түссе, түрлі ауру тудырады. Сондықтан мамандар шектеу қою туралы шешім қабылдады. Суды балдыр мен басқа да қоқыстан тазалайтын арнайы құрылғы алуға конкурс жарияланды, – дейді парк басшылығы. Мамандар әзірге өз күшімен тазалап жатыр. Су ластанбас үшін Бұқпы өзенінің бойына сүзгі орнатыла бастады.
Айнагүл Анитова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Лямблия кисталары ағзаға түссе, асқазан ішек жолдарының бұзылуына әкеп соғады. Ішек ауруларын асқындырады. Енді судан екінші қайтара сынама алынады. Күн райының ысуынан паразиттер жойылып, су тазаруы мүмкін.