ШҚО-да шұғыл қызмет көліктері кептелісте тұр

Өскемен, Риддер және Алтайда жүргізушілер шұғыл қызмет көліктеріне жол бермейді, деп хабарлайды 24KZ.

Өрт сөндірушілер мен ақхалаттылар сағаттап кептелісте тұруға мәжбүр. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жүргізушілер шұғыл қызмет көліктеріне кедергі келтірмеуі керек. Соған қарамастан өңірде осындай 5 жағдай тіркелген. Қазір аймақта полиция қызметкерлері арнайы рейд өткізіп жатыр. Өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктеріне кедергі келтіріп, жолын бөгегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ТЖД мәліметінше, жолдағы кептелістің салдарынан құтқаруышлар оқиға орнына дер кезінде жетіп үлгермейді.

Мерхат Сұлтанбеков, патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы:

- Бүгін ШҚО Өскемен қаласында рейдтік шара өткізілді. ҚР Әкімшілік кодексі бойынша 598 бабы бойынша жүргізушілерге хаттама толтырылды.