Қостанай облысында шегіртке қаптады

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында шегіртке қаптады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл бейнежазба Арқалық-Торғай тасжолы бойында түсірілген. Қанаттанбаған зиянкестер жол үстінде өріп жүр. Әзірге олар шабындыққа, егістікке түсті деген мәлімет жоқ. Облыстық аймақтық инспекцияның мәліметінше, 15 ауданның көлемінде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек. Барлығы 775 мың гектар жер қамтылады. Негізінен шегіртке ошақтары өңірдің оңтүстік бөлігіндегі Науырзым, Қамысты, Жангелдин, Амангелді аудандарында байқалып отыр.

Жандос Саттаров, Амангелді аудандық аумақтық инспекция басшысы:

- Тоқанай ауылына таяу маңдағы тасжол. Осы жол бөлігінде шегріткенің мол шоғыры байқалды. Қазір қолайлы ауа райын күтіп отырмыз. Екінші күн өңдеу жүргізуге мүмкіндік болмай тұр. Жел басылса, бірден іске кірісеміз. Улы химикаттар толтырылған техника дайын.