Қапшағайда инклюзивті спорттық лагерь ашылды
Қапшағайда ерекше балаларға арналған инклюзивті лагерь ашылды, деп хабарлайды 24KZ.
Онда еліміздің барлық өңірінен 200 бала ата-анасымен бірге демалады. Жобаның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортқа белсенді тарту, олардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу және ата-аналарына психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету. Балалар мен жасөспірімдер 7 күн бойы көл жағалауында 5 кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен бочча, теннис, футбол, корнхол және садақ ату сияқты спорт түрлерімен айналысады. Ал ата-аналарға түрлі тренингтер мен семинарлар, психологтармен арнайы сессиялар ұйымдастырылады.
Нұрқия Кеңесханқызы, демалушы:
- Біз немеремен Балқаштан келдік Қарағанды облысынан. Бірінші рет келіп жатырмыз. Әсер жақсы, бізге ұнайды. Өзіміз ойлаймыз мына жерде біз позитив аламыз. Жақсы үмітпен келіп жатырмыз.
Альфия Әдиева , «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры:
- Енді бүгінгі ашылып жатқан инклюзивті спорттық лагері бұл «Самұрық-Қазына» қорымен биыл екінші рет қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл біздің қордың авторлық партнерлармен бірге жасақталған авторлық жоба деуімізге болады. Өйткені ерекше балалар үшін біздің елде мұндай толыққанды лагерлік бағдарламалар немесе лагерлік зоналар жасақталмаған. Бірақ біз өткен жылы тәуекел деп бастап көрдік. Өткен жылы өте нәтижелі көрсеткіштер көрсетті.