Құлсарыны абаттандыру үшін үш ауқымды жоба қолға алынды

Биыл Құлсары қаласын абаттандыру мақсатында 3 ауқымды жоба қолға алынды.

Қала әкімі Қадіржан Адиновтің айтуынша, ықшам аудандардың аулаларына көрік беріледі. Жолдар жөнделіп, балаларға арналған ойын алаңдары жаңартылады, автотұрақтар салынады. Қазірдің өзінде 38 көшеде жаяу жүргіншілер мен веложолақтар салынып жатыр. Барлық жұмыстар кестеге сай күз айларында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қадіржан Адинов, Құлсары қаласының әкімі:

- Ағымдағы жылы құлсары қаласында 3 ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтатын болсақ, ықшам ауданның 30 ауласында абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек аулаларда тұрғындарға демалыс орындары қарастырылған. Cонымепн қатар қаланың 11 ықшам ауданында әмбебеп балалар алаңдаоы құрылысы саллынып жатыр.