Арман Дәулетияровтың төрт кітабы жарыққа шықты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медиа-менеджер Арман Дәулетияровтың төрт кітабы жарыққа шықты.

"Айман Ана", "Мама Айман", "Қалам ұшындағы ой", "Мәскеулік Шыңғысханның хикаясы" атты туындылары оқырманға жол тартты. Жалпы тиражы 6 мың дана. Салтанатты шара "Айман Ана" кітабының тұсаукесерінен басталды. Бұл кітапта автор анасы Айманның өмірі, оның тілі мен халқына деген сүйіспеншілігі туралы баяндайды. Айман оқырманға махаббат пен адалдық арқылы өмірдің сынағынан сүрінбей өтіп, жан дүниесінде бақытты сақтай алған адамның мысалы ретінде бейнеленген.

Арман Дәулетияров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медиа-менеджер:

- Менің анам өмір бойы Орынбор облысындағы шағын ауылда тұрды. Бірақ ол ұлтына адам еді. Біздің қазақи құндылықтарды сақтап, ана тілде сөйлеуге үйретті. Ол үшін бұл өте маңызды еді. Оның өмірі нағыз қазақ әйелінің бейнесін көрсетеді. Қазақстан мені анам арқылы таныды. Жетістікке жеткің келсе, ата-анаңа қызмет қылу керек. Сондықтан осы кітаптарды қазақ тілінде шығару маңызды болды.

Нұрлан Байжігітұлы, Ырыcкелді мешітінің бас имамы

- Анаға деген мейрімі, жалпы анамен бірге көп нәрсе байланысты ғой. Ол отанға деген махаббат, ағайынға деген махаббат, қазақ елі, жері, топырағына деген махаббат осы ана арқылы балаға дариды. Сондықтан кез келген оқырманға жол тартып отырған бұл кітап үлгі болады деп сенемін.