Биыл ең ұзын көпір қолданысқа беріледі

Биыл елде автомобильдерге арналған ең ұзын көпір пайдалануға беріледі.

Нысан Шығыстағы Бұқтырма су қоймасының үстіне салынып жатыр. Оның ұзындығы 1300 метрден асады. Сонымен қатар Шақпақбаба асуында Қазақстандағы алғашқы автомобиль туннелі ашылады. Бұл жерасты жолы қыста көліктердің қар құрсауында қалып кетпеуіне жағдай жасайды. Көлік министрінің айтуынша, биыл 12 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бұл рекордтық меже.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

- Ең ұзын мостты биыл толығымен іске қосамыз. Ол жоба сол жердегі халықтың 80 жылдан бері талқылауда, елдің арасында жүрген жоба. Осы 12 мыңның ішінде 4 ірі жоба, Алматы мен Астананың, Талдықорған мен Өскеменнің, Атырау мен Астраханның, Ақтөбе мен Қандыағаштың арасын толығымен бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.