Жезқазғанда елімізде АЭС салу жөнінен жария талқылау өтті

Жезқазғанда елімізде атом электр станциясын салу бойынша жария талқылау өтті.

Шараға түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері мен жергілікті экологтар қатысты. Атом энергетикасы саласының мамандары маңызды стратегиялық нысанның әлеуеті туралы баяндап, энергетика секторын дамытудың жаңа түрлеріне тоқталды. Ал жергілікті тұрғындар экология, реакторлардың қауіпсіздігі және кадрлар дайындау секілді сұрақтарға жауап алды. Қазір әлемдегі 10-нан астам ел атом электр станциясының игілігін көріп отыр. Ал оны Қазақстанда салу мәселесі  ұлттық референдум арқылы шешіледі.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары:

- Әрине кейбір адамдар қолдамаймыз деді, кейбір адамдар қолдаймыз деді. Бірақ, қазіргі кім қолдайды, кім қолдамайды деген сұрақ емес, оны адамдар өз пікірлерін референдумда көрсетеді. Қазіргі уақытта ең маңызда адамдарда ақпарат жоқ. оларға ақпарат беру үшін, олардың сұрақтарына жауап беру үшін өтіп жатыр жария талқылау.